
2026 жылғы 2 маусымда Алматы мен Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМУ) күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфераның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Мұндай жағдайлар туындаған кезде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлап, адам денсаулығына әсер етуі мүмкін.
Ластану деңгейін анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде мыналар ұсынылады:
- Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек;
- Ашық ауада дене жүктемесін шектеу. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу ұсынылады.
Еске сала кетейік, 2 маусымға Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Дереккөз: Inform.kz