...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда велосипедші зейнеткер әйелді қағып кетті: куәгерлер көмектесті, полиция іздестіріп жатыр

Алматыда велосипедші сауда орталығының бірінің жанында зейнеткер әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Жәбірленушіге жақын жердегі адамдар алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға 1 маусым күні Алматыдағы сауда орталықтарының бірінің маңында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, Медеу ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиға орнынан жасырынған адамның жеке басын анықтау және оны ұстау шаралары қабылдануда. Жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізілуде, — деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.

Ведомство бұзушының әрекеттеріне Қазақстан заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Дереккөз: Nur.kz