...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда сегіз субұрқақ жұмыс істемейді: әкімдік не дейді

Алматыда қазір сегіз субұрқақ уақытша жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, бұл нысандарға күрделі жөндеу жүргізу мәселесі қарастырылып жатыр. Қазіргі уақытта субұрқақ кешендеріне техникалық тексеру жүргізіліп, қажетті жұмыс көлемі анықталып, қаржыландыру мәселесі пысықталуда.

Жоба-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін қаржыландыру көздері мен жөндеу жұмыстарының мерзімі белгіленеді, — деп хабарлады басқармадан.

Сонымен қатар, «Үш батыр» тұрғын үй кешенінің жанындағы Жамбыл Жабаев ескерткішінің алдында орналасқан субұрқақ ағымдағы жөндеуге уақытша тоқтатылған. Онда гранит плиталар толығымен ауыстырылып, инженерлік және техникалық жүйелер жаңартылуда. Жөндеу жоспарлы түрде жүргізіліп, алдағы 10 күн ішінде субұрқақ толығымен қосылып, іске қосылады деп күтілуде.

Дереккөз: Nur.kz