
Алматыда су құбыры желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен, су беру уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Алматы Су» мекемесінің мәліметінше, 2 маусым күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін су беру Абай даңғылы, Тұрғыт Озал көшесі, Қарасай батыр көшесі және Сайран көлі аумағымен шектелген контурда тоқтатылады. 4 маусымда сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін шектеулер Райымбек даңғылы, Немирович-Данченко көшесі, Рысқұлов даңғылы және Крылов көшесімен шектелген аудандағы тұрғындарға қатысты болады.
Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар болашақта тұрақты және үздіксіз сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдау сұралады. Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефоны арқылы алуға болады.
Дереккөз: Inalmaty.kz