
Алматының бірқатар ауданында электр желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жарық сөнеді. Жоспарланған жұмыстар орта есеппен таңғы 08:00 немесе 09:00-ден кешкі 17:00-ге дейін созылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Компания мамандарының түсіндіруінше, жөндеу бригадалары сымдарды бөгде заттардан тазарту, ішінара ауыстыру және басқа да жұмыстарды әдетте 1,5-2 сағат ішінде орындайды.
Жоспарланған ремонттық жұмыстар электр желілерінде бөгде заттардан сымдарды тазартуды, оларды ішінара ауыстыруды және т.б. қамтиды, оларды бригадалар әдетте 1,5-2 сағаттан аспайтын уақытта орындайды, — деп түсіндіреді мамандар.
Жарық сөнуі Шаңырақ-1, Ұлжан, Ақжар, Алғабас, Горный-Гигант, Нұр Алатау, Ерменсай, Нұрлытау, Хан-Тәңірі, Көк-Төбе, Достық, Шабыт, Таугүл және басқа да шағынаудандарды қамтиды. Шектеулер жеке секторға, көппәтерлі үйлерге және шағын және орта бизнес нысандарына да әсер етеді. Толық мекенжайлар тізімімен мына жерден танысуға болады.
Алматы облысының тұрғындары да уақытша шектеулерге тап болады. Кім жарықсыз қалатыны туралы мына сілтемеден оқуға болады. Бұған дейін Таразда «Дорожник» шағынауданының тұрғындары тұрақты электр қуатының өшуінен зардап шеккені хабарланған болатын. Қала тұрғындарының айтуынша, ескі трансформатор жүктемеге төтеп бере алмай, кернеу төмендеп, электр қуаты өшеді.
Дереккөз: Zakon.kz