...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда түнгі дрифт ұйымдастырған Mercedes жүргізушісі 5 тәулікке қамалды

Алматыда Mercedes көлігімен түнгі дрифт жасаған жүргізуші ұсталып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші қауіпті жүргізу және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 5 тәулікке қамаққа алынды. Оқиға сағат 01:30-да сауда орталықтарының бірінің автотұрағында болған.

„Mercedes автокөлігінің жүргізушісі дрифт элементтерін орындап, айналасындағыларға қауіп төндіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды. Оған қатысты жол жабынын бүлдіру, сақтандыру полисінің болмауы, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау және техникалық байқаудан өтпеген көлікті пайдалану бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, оның әрекеттері ұсақ бұзақылық ретінде сараланды“, — делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Сот қаулысымен жүргізуші 5 тәулікке қамалып, Mercedes көлігі айыппұл тұрағына жеткізілді.

Дереккөз: Nur.kz