...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда ауа сапасы нашарлайды: Казгидромет НМУ режимін жариялады

30 мамырда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМУ) күтіледі. Тұрғындарға ауа райы факторларын ескеріп, қозғалыс жоспарын құру ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, олар атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.

НМУ пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді. Ластану деңгейін анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Қолайсыз метеорологиялық жағдайларда мыналар ұсынылады:

  • өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүруі керек;
  • ашық ауада дене жүктемесін шектеу. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу қажет.

Бұған дейін «Казгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды.

Дереккөз: Inform.kz