
Наурызбай ауданында 30 мамыр сағат 06:00-ден 1 маусым сағат 06:00-ге дейін Даулеткерей көшесінің Жандосов көшесінен Әбділдин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұл асфальтобетон жабынының жоғарғы қабатын төсеуге байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жұмыстар қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша «Алматы қаласындағы батыс канализациялық коллекторын салу» жобасы аясында жүргізілуде.
Қала тұрғындары мен қонақтары уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Жоба қала үшін стратегиялық маңызға ие және жалпы ұзындығы 35 км болатын канализациялық коллекторды салуды көздейді — Жандосов көшесінен қалалық тазарту қондырғыларына дейін.
Жобаны іске асыру шамамен 200 мың тұрғынды орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етуге, инженерлік желілердің сенімділігін арттыруға, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға және қала аудандарын одан әрі дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Дереккөз: Almaty.tv