...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Саина көшесін тесу жұмыстары аясында Алатау ауданындағы Шәріпов көшесінің бір бөлігінде уақытша жол жүру шектеулері енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

30 мамыр сағат 08:00-ден 5 маусым сағат 08:00-ге дейін Жандилдин көшесінен Алмерек Абыз көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толығымен жабылады.

Айналма жол шығыс бағытта Шұғыла көшесімен, одан әрі Байтанов, Майкоп, Ахрименко көшелері және Райымбек даңғылымен, батыс жағынан Шәріпов көшесімен қамтамасыз етіледі.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер орнатылады. Жүргізушілерге маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Жол жүру шектеулері туралы толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде және 2GIS сервисінде жарияланған.

Дереккөз: Almaty.tv